Ер есімі – Ел есінде
2020 жылдың 6-мамыр күні ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасы Нұр Отан партиясымен бірге Ұлы Отан соғысының 75-жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының ҰОС ардагерлерін құттықтап қайтты.
Жарқын болашақ үшін бастарын бәйгеге тігіп, қан майданнан жеңіспен оралған ардагерлерімізге азық-түлік пен жеміс-жидекке толы кәрзеңкелер, 75-жылдықтың арнайы төсбелгісі мен құттықтау хаты табысталды.
Ер есімі – Ел есінде. Ерліктерін ескеріп, құттықтап келген ұлдарына ардагерлеріміз ақ тілектерін ақтарып, батасын берді.
Отан үшін отқа түсіп, өскелең ұрпақтың тыныш өмірі мен бейбітшілігі үшін күрескен батырларымыздың ерлігі мәңгі жүрегімізде. Ардагерлеріміз аман болсын! Ұлы жеңістің 75-жылдығы құтты болсын!
07.05.2020,
06:30
