Елшімен кездесу
2018 жылы 5 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры, профессор М.М.Рысбеков Үндістанның Қазақстандағы елшісі мистер Prabhat Kumarмен кездесті.
Үндістан елшісі өз елінің Үкіметі мен Үндістандағы ЖОО студенттерін өз ара алмасу, жобаларға бірлесе қатысу сияқты мәселелер бойынша ынтымақтастық орнатуға мүделлі екенін атап өтті.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Жалпы медицина» мамандығында оқитын Үнді елінің студенттері елшілерін жылы қарсы алды, академиядағы оқу процесі жөнінде және өздері қатысатын іс-шаралар туралы да айтып берді.
09.04.2018,
04:30
404 қаралым