Елбасының Оңтүстік Қазақстан облысы фармацевтикалық өндірушілерімен кездесуі

22 сәуір 2016 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шымкент қаласына жұмыс сапары кезінде «Химфарм» АҚ аймағында Оңтүстік Қазақстан облысы фармацевтикалық өндірушілері ұйымдастырған көрмесінде болды. Көрмеге «Фито-апифарм» компаниясы да қатысқан болатын.

770 1

«Фито-апифарм» компаниясының құрылтайшысы және компания өндірісінің директоры, сонымен қатар, ОҚМФА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушысы болып қызмет ететін Коротков Владимир Андреевич Елбасыны өнімдер ассортиментімен таныстырып,  компанияның тарихы мен заманауи фитопрепараттар жасау және өндіру бойынша дамудың перспективті жоспарларын атап өтті.

770 2

Нұрсұлтан Әбішұлы аталған бағыттың перспективтілігін, Қазақстанда дәрілік шөптер қатарының күн санап өсіп жатқандығы мен оларды дұрыс қолдана білу отандық фармацияның  болашағы екендігін айтып өтті.

Елбасы жеке меншік өндірісті дамыту және импортты тауарларды алмастыру – Қазақстан экономикалық саясатының маңызды міндеттерінің бірі екендігіне ерекше назар аударды.

770 3

«Фито-апифарм» қазақстандық өсімдіктер, бал өндіру шаруашылығы өнімдері және табиғи минералдар негізінде денсаулыққа пайдалы табиғи өнімдер жасау және өндірумен айналысатын, қарқынды дамып келе жатқан компания болып табылады. Бүгінгі күні компания өнімдерін Қазақстанның барлық қалаларына ұсынып отыр, сонымен бірге, Ресейге экспорттайды.

770 4

Компания фитоөнімдерді өндіру бойынша Қазақстан және Евразиялық экономикалық одақ елдерінде алдыңғы қатарлы фармацевтикалық өндірістің бірі болуға талпынады. 

05.05.2016, 05:36
469 қаралым