Ел ертеңі-жастар» суицидтің алдын алу тақырыбындағы кездесу
2025 жылдың 05 ақпан күні Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен «Ел ертеңі-жастар» суицидтің алдын алу тақырыбында кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты - жастарға тәрбие беру, құқықбұзушылық пен суицидтің алдын алу және оны болдырмаудың психологиялық әдістері айтылды. Кездесуге тәжірибелі гештальт терапевт ҚР Психологиялық одағының эксперті Асанова Салтанат Сайлауқызы және Қалалық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы мен студенттер қатысты. Лудомания - құмар ойындарының зияны" тақырыбында презентация көрсетілді. Құмар ойынына тәуелділік және оның даму кезеңдері, сондай-ақ тәуелділік қай сәттен бастап пайда болады , құмар ойындарға тәуелді адам қандай белгілерді көрсететіні талқыланды. Кездесу соңында Асанова Салтанат Сайлауқызы студенттердің тақырып бойынша қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді.
