«Ел болашағы – дарынды жастар!» атты республикалық пікірсайыс турнирі мен жобалар байқауы

1347 1

2019 жылдың 6-7 сәуір күндері ОҚМА басшылығының қолдауымен, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар жылы» мен ОҚМА-ның 40 жылдық мерейтойына орай «Ел болашағы – дарынды жастар» тақырыбында республикалық пікірсайыс турнирі мен жобалар байқауы өткізілді. Аталған шараға республиканың барлық өңірлерінен ЖОО-нан пікірсайысшылар мен жобалық байқау қатысушылары келді. 

1347 2

Алғашқы күні Жастар ресурстық орталығында ашылу салтанаты өтіп, ОҚМА оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры М.Анартаева ашып берді және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев пен Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Н.Тәңірбергенов жылы лебіздерін білдірді. Бағдарлама бойынша анатомиялық мұражай мен тәжірибелік дағдылар орталығын көрсетіліп, іріктеу ойындарынан соң Шымкент қаласының көрікті жерлері таныстырылды. 

1347 3

Екінші күні финал ойындары ойнатылып, «ЖОО студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының тиімді құрылымы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жобалар кешені» тақырыптарында жобалық байқау өтті. Екі күнге созылған тартысты ойыннан соң «Үздік төреші»-Сатов Нұрхан (ТарМУ), «Үздік спикер»-Тастанбеков Данияр (Тұран университеті), «Үздік жоба» иегері-Атабек Арслан, Куспанов Мирас (ХҚТУ), пікірсайыстан І орынды «Алмас қылыш» фракциясы (Нархоз университеті), ІІ орынды «Көршінің баласы» фракциясы (Сүлеймен Демирел университеті), ІІІ орынды «Астананы еске алу» фракциясы (Нархоз университеті) иеленді. 

1347 4

Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық, дипломдар, кубоктар, сертификаттар беріліп, академияның атынан естелік сыйлықтар таратылды.

1347 5

Іс-шараны жергілікті телеарналар түсірді.

1347 6

08.04.2019, 21:18
333 қаралым