"Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі" атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 28 наурыздағы №292 және 29 наурыздағы №295 Өкімдеріне сәйкес 28-29 сәуір аралығында «Ел бірлігі- жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассемблеясының XXXI сессиясына академиямыздың ЖМОБ-10-20 тобының 2 курс студенті, «Оқу-тәрбие жұмыстары бойынша студенттік проректор» Мейрбеков Нурболат шақырту алды. 2 күнге созылған ассамблеяда Қазақстан халқы Ассемблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депуттары орнына сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы және «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХI сессиясына қатысты.

Студентіміз ҚР Президентінің қолынан "Ассамблея" төсбелгісін тағып қайтты. Ассамблеяның соңғы күнінде ассамблея мүшелерімен бірге сенбілікке қатысты.

Шын жүректен біздің академиямыздың оқудағы үздігі әрі белсенді студенті Мейірбеков Нұрболатты құтықтаймыз!!!

18.05.2022, 09:03
441 қаралым