“ЭКО-сана” экологиялық акциясының қатысушылары мен “Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы” еріктілері арасында үстел ойындарынан іс-шара өтті
Қараша айының 18-ші жұлдызында “ЭКО-сана” экологиялық акциясының қатысушылары мен “Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы” еріктілері арасында үстел ойындарынан іс-шара өтті.
Ойын шараларының мақсаты: қатысушылар арасында достық қарым-қатынас орнату, бос уақыттарын белсенді өткізу әрі жаңа таныстық орнату. Кездесуде қатысушылар қызықты “Monopoly” ойынын ойнап, түрлі интеллектуалды сұрақтарға толы викторина ұйымдастырды.
27.11.2020,
11:16
