«ЭКО-ФАРМ» БАЗАСЫНДА БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ
ОҚМА мен «Эко-Фарм» ЖШС ынтымақтастығы аясында «Фармакогнозия-2» пәні бойынша «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс В-ФО-04-20 тобының студенттерін дуальды оқыту жүзеге асырылды. «Эко-Фарм» фармацевтикалық компаниясы жанындағы «BioEtica» ЖШС сынақ орталығының физика-химиялық зертханасының меңгерушісі Сұлтанбекова Сәуле Төрегелдіқызы дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бақылау бойынша материалдармен түсіндірді.
Дуальды оқытудың мақсаты білім алушылар стандарттау жүйесі туралы білімін қалыптастыру, дәрілік өсімдік сапасын реттейтін нормативтік құжаттармен таныстыру.
Оқыту барысында білім алушыларға дәрілік өсімдік шикізатын талдаудың әртүрлі түрлерін жүргізу процестерімен, атап айтқанда тауарлық талдау, фармакогностикалық, фитохимиялық талдауларды талқылады.
Осы әдістердің барлығы біріктірілгенде шикізаттың сапасы және олардың дәрілік заттарда қолдануға жарамдылығы туралы толық түсінік бере алады. Дәрілік өсімдік шикізатын талдаудың тауарлық түрі нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес өнімнің сапасы мен түпнұсқалығын бағалауға мүмкіндік беретін шикізатты талдаудың ең толық түрі болып табылады.
Зерттеу барысында мыналарды анықтауға болады: шикізатты ұнтақтау дәрежесі, бөгде қоспалардың болуы, биологиялық белсенді заттардың мөлшері, ылғалдылық дәрежесі, 10% HCl -да ерімейтін күл қоспасының мөлшері. Фармакогностикалық талдау өз кезегінде макроскопиялық, микроскопиялық және фитохимиялық зерттеулерді қамтиды.
Білім алушылар «Эко-Фарм» компаниясының аналитикалық кабинеттерінің жоғары технологиялық ұйымдастырылуымен танысты. ЖЭСХ, Сокслет аппараты, атомдық абсорбциялық спектрометр, спектрофотометр, медициналық бұйымдардың сапасын бағалауға арналған құрылғылар білім алушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Білім алушылар Сокслет аппаратының көмегімен хош иісті насыбайгүл шөбінен эфир майын стандарттау және алу мүмкіндігі берілді.
«Эко-Фарм» ЖШС дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бағалаудан басқа, қан жинауға және сақтауға арналған бір реттік стерильді вакуумдық түтіктер, стерильді екі жақты медициналық инелер және бір реттік ине сияқты медициналық өнімдерді өндіру және таратумен айналысады. «AVATUBE» сауда белгісінің иелері; травматологияда және ортопедияда иммобилизациялық таңғыштарды қалыптастыру және тірек-қимыл аппаратының әртүрлі сегменттерін ортопедиялық түзету үшін қолданылатын полиуретанды ортопедиялық таңғыштар мен «Marai» шиналары өндірісте шығарады.
Осылайша, дуальды оқыту жүйесі болашақ кадрларға теориялық дайындықтың жоғары деңгейін сақтай отырып, практикалық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.