Екінші үйлестіру кездесу
2016 жылдың 20 мен 27 қараша күндер аралығында Эразмус+ ModeHЕd жобасы аясында ОҚМФА командасы Кошице қ., Словакия Павел Шафарик атындағы Университетінде және Прага қ., Чех Республикасы Карлов Университетінде (1-ші Медицина Факультеті) өткен 2-ші үйлестіру кездесуіне қатысқан.
Бекітілген бағдарламалар бойынша семинарлар, симпозиумдар және екі университеттің медициналық кафедраларында және симуляциялық орталықтарында оқу сабақтары ұйымдастырылған.
Серіктес елдердің университеттерінің қатысушылары оқу бағдарламалары мен пәндерді жаңғырту бойынша талдама бағытын талқылады.
Академияның жұмыс тобының қатысушысы Е.К.Орынбасаров “Validation of tests at SKSPhA” атты презентациясымен шығып, аудиторияның едәуір қызығушылығын тудырды.
20.12.2016,
04:41
430 қаралым