Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
2024 жылдың 15 наурыз күні ЖШС Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжде «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты семинар өтті. Семинарға 100 аса студенттер қатысты.
Іс-шараға «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы Байконсова Л.О. «Дұрыс тамақтанудың ұстанымдары мен ережелері» тақырыбындағы баяндамамен қатысты. Дәрігер гигиенист-нутрициолог Байконсова Л.О. студенттерге дұрыс тамақтану ұстанымдарын, тамақтану тәртібі мен ережесін және алиментарлы аурулардың пайда болу себептерін, алдын алу жолдарын, сонымен қатар рамазан айында ораза ұстаған студенттерге тамақтану ерекшеліктерін айтып өтті.
Семинар соңында, колледж директоры Г.А. Аршабаеваның алғыс хатымен марапатталды.
20.03.2024,
18:42
417 қаралым