«Дүниежүзілік денсаулық күні»
ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжінің "Жалпы білім беретін пәндер" кафедрасының дене шынықтыру пәні оқытушылары «Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай 2025 жылдың 7 сәуірінде тәлімгерлер мен білім алушылар арасында денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған спорттық эстафета сайысын ұйымдастырды. Сайыстың мақсаты: қатысушылардың денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, жинақы болуға тәрбиелеу, ұйымшылдық әрі жылдамдыққа бағыттау. Қазылар алқасы кафедра меңгерушісі Сатаев А.Т., оқытушылар Оразымбетова З.Ш, Алтынбек Г.Қ сайысқа өз бағаларын берді.
Эстафеталық сайыста:
1 орын - ОСҚ-9.01.24 тобы, тәлімгер Балтабай Айжан Серікқызы
2 орын - СТДО-9.05.24 тобы, тәлімгер Серік Шұға Ерланқызы
3 орын - СТДҚ-9.02.24 тобы, тәлімгері Қалмұрат Диана Ердосқызы иеленіп, грамота және кубокпен марапатталды.
