«Дүниежүзілік тазалық күні» акциясы өтті
2022 жылы 17 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы күзгі абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары бойынша жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікке 56 қызметкер соның ішінде факультет декандары және кафедра оқытушыларымен мен 200 студент қатысты. Тазалау жұмыстары академия ғимаратының айналасында орналасқан барлық тұрғын үйлердің аумағын қамтыды.
Сенбілік студент жастардың еңбекке деген құлшынысын арттырып, ұжымдық жұмысқа тәрбиелейді.
19.09.2022,
09:15
576 қаралым