ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ: «ЗЕРДЕ» ДӘРІХАНАСЫНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ

В-ФО-02-22 тобының білім алушылары «Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері» пәні бойынша дуальды оқытудан өтті. Практикалық бөлім «Зерде» дәріханасының базасында өткізілді, мұнда білім алушылар дәріхана жұмысының негізгі аспектілерін тәжірибе жүзінде зерттеді. Басты тақырыптардың бірі тауарлардың әртүрлі топтарын, соның ішінде дәрі-дәрмектерді, медициналық бұйымдарды және косметиканы дұрыс сақтауды ұйымдастыру болды.
Ерекше назар есірткі заттарды, олардың прекурсорларын, сондай-ақ улы және психотроптық заттарды сақтау талаптарына аударылды. Білім алушылар дәріханадағы тауарлардың қозғалысын бақылауды қамтамасыз ететін заттық-сандық есеп жүргізу ережелерін меңгерді. Сонымен қатар, олар тауарларды қабылдау және босату бойынша белгіленген стандарттарға сәйкес жұмыс істеуді үйренді.
Алынған тәжірибе білім алушыларға дәріхана ұйымдарының жұмыс ерекшеліктерін жақсы түсінуге және теориялық материалды меңгеруге көмектесті. Дуальды оқыту олардың кәсіби дайындығындағы маңызды кезеңге айналды және болашақта фармация саласында жұмыс істеуге негіз қалады.

18.11.2024, 15:18
213 қаралым