ДОЙБЫ ОЙЫНЫНА ІРІКТЕУ

Дойбы адамның ойлау қабілетіне қолайлы әлем бойынша дамыған спорт түрі.
Академияның спорт құрам жасағына іріктеуде дойбы ойыны да бар. Дойбы ойынына іріктеу Дене шынықтыру орталығында қазанның 3–інде жалғасты. Әрине ойын ережесі қарапайым үйренуге оңай болғанымен, жүйкесі шыдамды адам ғана дойбыда жеңіске жете алады.Сонымен бірге дойбы ойыны шапшаңдықты, жылдам аналитикалық ойлауды қажет етеді.
Бұл іріктеу жарысында алғыр, шапшаң сонымен бірге сабырмен ойналана отырып, оңтайлы шешім қабылдай алатын жастар іріктелді.

04.10.2024, 14:29
251 қаралым