«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу»

1720 1

2021 жылдың 04 маусым күні сағат 15:00-де ZOOM онлайн-платформасында Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасы мен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен ««Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді.

1720 2

Аталған шараны модератор, Жастар ресурстық орталығының маманы Рауан Мухитұлы бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.

1720 3

Сөз кезегін алған кездесу қонағы КММ-нің және Шымкент қаласының дін істері басқарамасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-маманы Күндебай Нұржан студенттерге жастар арасында жиі болып тұратын деструктивті діни ағымдардың алдын алу шаралары туралы айтып өтті.

04.06.2021, 15:38
606 қаралым