Денсаулық сақтау министрінің Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына сапары

02.11.2024 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына келіп, университет клиникасының құрылыс барысымен, сондай-ақ Академияның инфрақұрылымымен және жұмысымен танысты.
Сапар барысында министр Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова салынып жатқан университеттік клиниканы аралап, жобамен және құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ол сондай-ақ бұл нысанның жоғары білікті медициналық кадрларды даярлау және аймақтағы медициналық көмектің сапасын арттыру үшін маңыздылығын атап өтті.
Әрі қарай министр Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына барып, академияның тарихымен танысты. Сапар соңында министрдің ЖОО ұжымымен кездесуі ұйымдастырылды.Кездесу барысында министр оқытудың инновациялық әдістемелерін енгізудің, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес медицина кадрларын даярлау сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударды.

04.11.2024, 17:01
290 қаралым