«Денсаулығы мықты ұрпақ — біздің болашағымыз» атты өңірлік оқу-практикалық конференциясы

2025 жылғы 14 ақпанда М.Х. Дулати атындағы орта мектепте ( Көксәйек ауылы, Төле би ауданы) маңызды іс-шара өтті. Іс-шара ЖТД-2 кафедрасының меңгерушісі, Гүлжан Нұрбековна Досыбаева бастамасымен өтті. Іс-шара дәрігер-интерндерді, мұғалімдер мен оқушыларды денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыру, аурулардың алдын алу және дені сау өмір салтын насихаттау мәселелерін талқылауға біріктірді.
🔹 Мақсаттары:
- Оқушылар мен мұғалімдер арасында денсаулықты сақтау мәселелері туралы ақпараттандыруды арттыру.
- Аурулардың алдын алу және жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылау.
- Дәрігер-интерндер, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы тәжірибе алмасу.
🔹 Іс-шара аясында өткендер:
- Оқушыларға арналған лекциялар Абдиева Б.М. бастамасымен (орыс және қазақ топтары, 720 және 709 топтары, 8-11 сыныптар).
- Мұғалімдермен интерактивті сабақтар (701 тобы).
- ⁠11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру лекциясы – Жиен А. К.
- Артериалды қысымды өлшеу бойынша және оқушыларға арналған алғашқы медициналық көмек көрсету мастер-класстары.
- Қатысушыларға арналған «ДЕНСАУЛЫҒЫ МЫҚТЫ ҰРПАҚ — БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ» ұранымен флешмоб, 300-ден астам оқушыны қамтыды.
Конференция соңында белсенді қатысқан лекторларды марапаттау рәсімі өткізілді. Барлық қатысушылар білімдері мен тәжірибелерімен бөлісу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.
📌 Ұйымдастырушылар: ЖТД-2 кафедрасы, ЖТД интерндері 7 курс ОҚМА АҚ, М.Х. Дулати атындағы орта мектеп.

18.02.2025, 14:17
97 қаралым