«Денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйені жетілдіру» атты семинар

13.10.2018 жылы «ОҚМА» АҚ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасы «Денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйені жетілдіру» атты семинар өткізді.

1247 1

Семинарға кафедраның ПОҚ-ы және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. 

Семинарға ОӘО басшысы Ибрагимова А.Г және Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі ЖШС «Жарқын болашақ KZ» аймақтық директоры Ержанов Даулет Маратович шақырылды. 

Д.М. Ержанов Денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйені жетілдіруде цифрлық Қазақстанның заманауи түрде жүргізілу жұмыстарын студенттерге таныстырды. Семинар барысында цифрлық денсаулық сақтаудың нысаналы үлгісін көрсетіп түсіндірді. Интеграциялық платформаның жұмыс бағыттарымен таныстырды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге бағытталған шаралар талқыланды. 

Студенттер семинар барысында аса қызығушылық танытты және тыңдаушылардан кері байланыс алынды.

18.10.2018, 21:29
343 қаралым