“Дені саудың - жаны сау” спорттық жарыс

Еліміздің болашағын нұрландыру жолында, болашақ ұрпаққа жаңашыл білім мен тәрбие беріп, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен аурулардың алдын алу мақсатында Шымкент қалалық салауатты өмір- салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып Дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай “Психикалық денсаулықты сақтау” ұлттық бағдарлама аясында “Дені саудың - жаны сау” ұранымен Оңтүстік Қазақстан медицина білім алушылар арасында 2023 жылдың қарашаның 20-шы жұлдызында спорттық жарыс өтті.
Жарысқа 5 адамнан құралған 4 команда қатысып, спорттың 7 түрінен сайысқа түсті. Алыс шетелден білім алуға келген білім алушылар қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттауда барлық команда белсенділік танытты.
Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Нәтижесінде:
1 орын-Байтерек командасы
2 орын-Жұлдыз командасы( алыс шетел тобы)
3 орын-Қыран командасы
4 орын- Жастар командасы

23.11.2023, 11:27
471 қаралым