Дені сау ұлт
2024 жылдың 24-ші ақпан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы және «БАРЫС» спорт клубының ұйымдастыруымен ОҚМА «Болашақ АЖО» құрамына кіретін ұйымдар арасында "Дені сау ұлт" атты эстафета өтті. Іс-шараның мақсаты: жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау, лудомания және нашақорлықтың алдын алу болып табылады. Эстафетаға ұйым мүшелері белсенді қатысты. Нәтижесінде 1 орын-Қазақстан студентер Альянс, 2 орын-студенттік ғылыми одақ, 3 орын-Бірлесу достық ұйымы иеленді. Алдағы уақытта осы тәрізді спорттық іс-шаралар өз жалғасын табады. Іс-шараға қолдау көрсеткені үшін оқу орнымыздың басшылығына және барлық қатысқан командаларға алғысымызды білдіреміз.
26.02.2024,
17:07
340 қаралым