Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы

Қараша  айының 25-ші жұлдызында  академияның үлкен мәжіліс залында жыл сайынғы дәстүрге айналған техникалық және кәсіби білім беру факультетінің студенттері арасында «Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» атты Олимпиада өтті. Олимпиаданы салтанатты түрде кафедра меңгерушісі м.ғ.к.,проф.м.а. Г.Н.Абуова ашып берді. 

1157

Олимпиадаға 4 команда қатысты.

304-Емдеу ісі « Қауіпті инфекциялар» командасы

303-Емдеу ісі « Адреналин» командасы

302-Емдеу ісі « Антибиотик» командасы

301-Емдеу ісі « Денсаулық» командасы

Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әр сайыста студенттер өз білімдерін, өнерлерін ортаға салып, олимпиада жоғарғы деңгейде өтуге ат салысты. 

1158

Үздік жеңімпаз  « Адреналин» командасы болып танылды. Іс-шара соңын кафедра доценті Ф.А.Бердалиева және асс. К.Ж.Жұмағұлова қорытындап,арнайы дипломдар табыстады.

05.12.2017, 04:40
271 қаралым