Дауасыз дерттен сақтан!
2022 жылдың 02 желтоқсан күні № 5 ғимараттың № 213 дәрісханасында, "Жалпы білім беретін пәндер" кафедрасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай «Дауасыз дерттен сақтан!» ұранымен «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары: Рахманкулова Лаура Бауыржанкызы, Жумабекова Сара Жасузаковна, Жанызак Асель Мараткызы мен 1, 2 курс білім алушылары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясы, жұқтыру жолдары, диагностикалау және емдеу ерекшеліктері, алдын алу шаралары туралы мәліметтер берілді, АИТВ туралы бейнеролик көрсетіліп, викториналык сұрактар қойылды.
Мақсаты - жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ инфекциясының алдын алуға және өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауга шакыру.