Дәстүрлі спартакиада жеңімпазы
Салауатты өмір салтын насихаттаудың бір бағыты – академия оқытушылары, қызметкерлері және білім алушылары арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастыру. Оқу ордамызда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спартакиада биыл да өз жалауын көтерді.
2025 жылдың 15-16 қаңтарында спорттың 4 түрінен ОҚМА АҚ қызметкерлері арасындағы дәстүрлі XXXIX Спартакиадасы өткізілді.
Сайыстың мақсаты – ұстаздарымыздың арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және денсаулығын нығайту, спорт түрлері бойынша академия құрама командасын жасақтау.
Қатысушылар 4 спорт түрінен: волейбол, арқан тарту, дойбы, шағын футбол жарыстары бойынша өзара сайысқа түсті.
Аталмыш спартакиадаға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға лаборанты Мухаметали Әсель Нұрғалиқызы «Дойбы» жарысы бойынша жүлделі үшінші орынды иеленді. Кафедра ұжымы Мухаметали Әсель Нұрғалиқызын шын жүректен құттықтайды!