Дархан халықтың дана Абайы

08 қараша 2019ж. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы қазақ тілі мен латын тілі курсы оқытушыларының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Дархан халықтың дана Абайы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.

1453 1

Кешімізді өткізудегі мақсатымыз Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа, сондай-ақ тілі басқа, тілегі бір өзге ұлт өкілдеріне таныту, меңгерту, Абай өлеңдеріндегі рухани тамырластықпен үндестікті насихаттау. Академия, медициналық колледжде білім алушы қазақ, орыс, өзбек, үндіс ұлтарының студенттері әдеби кешке белсенді қатысты. 

1453 2

Абайдың өлеңдері, қарасөздері оқылып, әндері шырқалды.Барлық топтар қабырға газеттерін шығарды.Қатысушылар диплом және алғыс хаттарымен марапатталды.

1453 3

13.11.2019, 03:26
357 қаралым