Дәрілер технологиясы кафедрасындағы Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі!

Наурыз айының 20шы жұлдызында ОҚМА, Дәрілер технологиясы кафедрасында фарм.ғ.д., профессор Баян Ахметқызының басшылығымен Амал мерекесімен қатар кірген Наурыз мерекесі тойланып, наурыз көже қайнатылып, ұлттық дастархан жайылды. Дәстүрлі нақышта киінген кафедра қызметкерлері мерекелік көңіл-күйде білім алушыларға да ұлттық астан ұсынып, Наурыздың сәнін келтірді.

24.03.2023, 13:47
350 қаралым