«Дариға жүрек»

Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрындағы қойылым М.Мақатаев “Дариға жүрек” біз үшін әсерлі, рухани әрі мәдени тұрғыдан бай болды. Мұндай спектакльдер ұлттық өнеріміздің дамуына үлкен үлес қосады. Қойылым тамаша түрде сахналанған, актерлердің ойындары өте кәсіби. Сюжет көрерменді қызықтырып, эмоциялар мен сезімдерге толы болды. Декорациялар мен жарық қою да жоғары деңгейде, атмосфераны толықтырып, оқиғаның тереңдігін жеткізді. 
Біз интелект жұмысының иегерлері болғандықтан, миымызбен көп жұмыс істейтіндіктен, біздің жұмысымыз нәтижелі болу үшін эмоциялық сферамызды байытуымыз керек. Эмоциялық сфераны байыту үшін міндетті түрде күрделі поэма, поэзиялармен таныс болуымыз керек. Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов, Фариза Оңғарсынова керемет туындыларымен танысып, рухани баюымызды кемелдендіруіміз керек».

 ІЖТДҚ 03-23 топ интерндері, ЖТД-2 кафедра доценті Сартаева Қаламқас Алмешовна

31.10.2024, 15:51
99 қаралым