«ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТАБИҒИ ӘЛЕУЕТІ: ФАРМАКОГНОСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР» СЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

2019 жылдың 11-12 қазан күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 40 жылдық мерейтойына арналған «Медицина мен фармацияның заманауи аспектілері: білім, ғылым және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. «Дәрілік өсімдіктердің табиғи әлеуеті: фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеулер» секциясының жұмысы барысында Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекистаннан сонымен қатар Қазақстанның жетекші оқу орындарынан келген 38 ғылыми мақаланың ішінен 15 ғылыми жұмыс тыңдалды.

1443 1

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар:

- І дәрежелі орынға Өзбекистан Республикасының Ташкент қаласынан келген, Ф.Н.Русанов атындағы Ташкент Ботаникалық бағының өсімдіктердің анатомиясы және цитоэмбриология зертханасының ғылыми аға қызметкері, б.ғ.к. Абдуллаева Акида Тиллаевна ұсынылды.

- ІІ дәрежелі орынға С.Д.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетінің химия-фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Саякова Галия Мырзагалиевна ұсынылды.

1443 2

1443 3

1443 4

Секцияның отырысы барысында ғылыми жұмыстарын баян еткен қонақтар дипломмен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1443 5

1443 6

1443 7

24.10.2019, 04:13
293 қаралым