«Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығының құзыреттілігін күшейту» атты дөңгелек үстел

2017 жылдың 19 қазан күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында оқу ісі жөніндегі проректоры М.Ұ.Анартаеваның ұйымдастыруымен интернатурадағы «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығының құзыреттілігін күшейту және игеру тиімділігін арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.    Бұл іс-шараға академияның бөлім басшылары, клиникалық кафедралардың меңгерушілері және Шымкент қаласындағы медицина мекемелерінен 3 бас дәрігер, 4 бас дәрігердің орынбасарлары, 3 бөлім меңгерушілері қатысты. Дөңгелек үстел өкілдерінің баяндамаларында «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығының болашағының  маңыздылығы туралы және құзыреттілігін күшейту мәселелері талқыланды. Әр тараптан ұсынылған құзыреттіліктерге қорытынды жасалып, мамандыққа енгізу туралы шешім қабылданды.

DSC 019623

23.10.2017, 02:34
408 қаралым