Case-study форматында «Адамның қатысуымен медициналық сынамаларды жүргізудің ережелерін регламенттейтін халықаралық құжаттар» атты интеллектуалды дебаттар
2016 жылдың 14 наурызында ОҚМФА-да әлемдік уақымдағы денсаулық сақтаудың өзекті тақырыптарының бірі Case-study форматында өткен «Адамның қатысуымен медициналық сынамаларды жүргізудің ережелерін регламенттейтін халықаралық құжаттар» тақырыбында интеллектуалды дебаттар өтті. Қазіргі уақытта адамдардың қатысуымен зерттеулер этикалық қағидаларды ұстанусыз өте алмайды. Дебаттар 3 конкурстан тұрды: «Үй тапсырмасы», «Пікірлермен қиылысқан алмасу» және, «Жағдайлық есептер».
Осы жобаның ұйымдастырушылары м.ғ.д., профессор және Oxford Academic Union шешімі бойынша қоғамдық денсаулық сақтаудың категориясында «2015 жылғы Ғылым жүлдесінің» иегері – Булешов М.А., алдыңғы қатарлы білім технологияларын ендіру бойынша жауапты м.ғ.қ., доцент м.а.Тубанова М.А., ал орындаушы және жетекші магистр, PhD – докторант «Public Health» кафедраның аға оқытушысы Булешова А.М.-ның басқаруымен «Қоғамдық денсаулық сақтау-1» кафедрасы болды.