«Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық мұрасы» тақырыбындағы рухани кеш

Ақпан айының 22-і күні әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебаб кітапханасында «Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық мұрасы» тақырыбындағы рухани кеш өткізілді. Шығыстың ортағасырлық философы, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын насихаттауға бағытталған танымдық іс-шараға жоғары оқу орындарының ұстаздары, зерттеуші философтармен бірге ОҚМА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Алғабек Қабыл қатысып «әл-Фараби өмір сүрген кезең» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шара барысында келушілерге «Өркениет шырақшысы» тақырыбында кітаптар көрмесі ұсынылды.

27.02.2023, 19:48
537 қаралым