Брейн-Ринг

06.04.2023ж күні ОҚМА үлкен акт залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Комплаенс офицері Пернебаев Нұрғали Алиханұлының ұйымдастыруымен ОҚМА қызметкерлері арасында "Брейн-Ринг" интелектуалды ойыны өтті, байқауды Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Сәлім Е.К. ашып берді. Сайысқа жалпы саны сегіз кафедра қатысты. Солардың ішінде әрі жылдам әрі дұрыс жауап беріп жүлделі орынға ие болған Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер кафедрасы 1-орынды иеленіп кубок пен жылытқыш пешті ұтып алды.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2-орынды, қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы 3-орынды иеленді. Жеңімпаздар ректордың алғыс хаттарымен марапатталды.

07.04.2023, 11:09
346 қаралым