«Бос орындар жәрмеңкесі»
2015 жылдың 15 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.
Ұйымдастырылған іс-шараға ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің бас сарапшысы Сұлтанова Зәуреш Балғожақызы, ОҚО фармация және медицина ұйымдары ассоциациясының директоры Альжанова Хадиша Дербесқызы, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы – ОҚО мемлекеттік еңбек инспекторы Мамадалиев Алжан Өмірбекұлы, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Жуалы ауданының біріншілік санитарлық-медициналық көмек мекемесінің меңгерушісі Көшенов Бекет Шарипханұлы, Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасынан Жаңақорған аудандық ауруханасының бас дәрігері Ысқақов Сәулебек Есқожаұлы, Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Бейсебаева Салтанат Нұрғалиқызы, сонымен қатар қалалық және аудандық медицина және фармацевтика мекемелерінен 129 бас дәрігерлер, кадр бөлімінің бас мамандары қатысты.
Аталған іс-шара барысында Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандық және ауылдық ауруханаларында жұмыс істеуге бітіруші 588 түлектің 254 алдын ала келісім шартқа отырды, оның ішінде 39 дәрігер-интерн, 215 бакалавриат мамандығынан қатысты.
20.04.2015,
05:41
668 қаралым