«Бос орындар жәрмеңкесі»

2018 жылдың 19 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді.

1115 1

Ұйымдастырылған іс-шараға Академия басшылары, Оңтүстік Қазақстан облысы, фармация және медицина ұйымдарының қызметкерлері, 6 өңірдің денсаулық сақтау басқарма өкілдері (Жамбыл, Павлодар, Кокшетау, Атырау, Қостанай) және аудандық медициналық мекемелердің бас дәрігерлері қатысты. Модератор, академияның оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры М. Анартаева қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.  

1115 2

Іс-шараны  ОҚМА ректоры М. Рысбеков ашып беріп, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы А. Момынова, Жамбыл облысы, Шу қаласы облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Н. Жолдасов, Павлодар облысының медицина мекемелерінен С. Оспанова, Г. Оспанова, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілі Б.Төлеген, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің қызметкері  Г. Ахметова баяндама жасады.

Аталған іс-шара барысында  бітірушілер мен облыстық, аудандық және ауылдық ауруханаларында жұмыс істеуге келісім шарт жасалды.

1115 3

1115 4

1115 5

19.04.2018, 03:37
367 қаралым