«Болашаққа қадам!» акциясы

2023 жылдың 12 қазан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Болашаққа қадам» акциясы аясында мамандық таңдау бойынша №50 мектептің оқушыларына бағыт-бағдар, түсіндірме жұмыстарын өткізілді.
«Болашаққа қадам» акциясын белсенді студенттеріміз Чапай Нұршат пен Шайзанда Аяулым оқушыларға оқу орнын таныстырып, тарихы жайлы айтып өтті. Академиядағы мамандықтар жайлы кеңінен таныстырып шықты.

№50 мектеп оқушылары болашақ мамандықта дәрігер болуды, оқуда озат болып, ынта-жігерлерін оқуға арнайтындарын айтты.

13.10.2023, 10:47
337 қаралым