"Болашақ фармацевт – 2022" Халықаралық пәндік олимпиадасы

21-22 қараша аралығында 2022 жылы Өзбекстан Республикасы мен шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілетін Ташкент фармацевтикалық институты ұйымдастырған "Болашақ фармацевт - 2022" халықаралық пәндік олимпиадасы өтті.
Дәрілер технологиясы кафедрасы олимпиадаға қатысу үшін "Фармация" білім беру бағдарламасы бойынша 4 курстың В-ФО-04-19 тобының 2 студенті таңдалды: Исабаева Диана және Дюжечкина Евтихия.

Олимпиада 2 кезеңде өтті: 1 кезең – тестілеу, 2 кезең - теориялық сұрақ, ситуациялық есеп және "Дайын дәрілік заттар технологиясы" пәні бойынша есеп шешу.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Студент Исабаева Диана жүлделі 3-орынға ие болып, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жеңісіңізбен құттықтаймыз!

22.12.2022, 13:42
755 қаралым