"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"
2017 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан мемлекет басшысының қоғамдық сананы модернизациялауға бағытталған мақаласы жарық көрді. Президенттің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы бойынша жұмыстың негізгі мақсаты - рухани және мәдени құндылықтарды дамыту және сақтау.Туған жерге,оның мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне ерекше қарым-қатынас- бұл патриотизмнің аса маңызды белгісі.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынған жолдауы бірінші кезекте жастарға арналды. Қазіргі таңда болып жатқан жағдайларға қарасақ, саяси макроэкономикалық үдерістерде рухани жаңғыртудың орны ерекше. Ол әлемдік өркениетте мызғымастықтың барлық негіздеріне сенім, күш береді. Ал біздің жас мемлекетіміз үшін бұл барлық негіздердің негізі.
Осыған сәйкес, фармацияны ұйымдастыру және басқару кафедрасының тәлімгерлері,тәлімгерлік топтармен бірлесе отырып , Ж. Т. Шанин атындағы академиялық театрына барып, онда тарихи "Арқалық батыр"қойылымын қуана тамашалады.Қойылым таңдауы көңілден шықты. Әсерлі қойылым студенттерге ұмытылмас әсер беріп қана қоймай, сонымен қоса біздің қазіргі заманғы жастарымыздың патриоттық рухын көтерді.