Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

2017 жылдың 19 сәуір күні академияның үлкен мәжіліс залында ОҚМФА басшыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы негізгі бағыттарды насихаттау және ілгерілету бойынша ауқымды кездесу өткізілді. Кездесуді оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор М.Ұ.Анартаева жүргізіп, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қ.Б.Кемелбеков, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Ә.Жанысбеков, жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ғ.Оразымбетова, студенттік ректор О.Б.Сванов баяндама жасады. Фармацевтикалық факультетінің деканы Н.Жұмабаев пен медицина факультетінің деканы Б.З.Долтаева мақала бойынша өз пікірлерін білдіріп, студент жастарға еліміздегі атқарылып жатқан жұмыстарға шын көңілмен ат салысып, әрбір іске ат үсті қарамай аянбай еңбек етулеріне кеңес берді (қамтылған студенттер саны – 350).  

982 4

982 5

982 6

22.04.2017, 05:12
305 қаралым