Біздің Халида - мақтанышымыз

Қазақстанның «Ұлттық Еріктілер желісінің» ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында өткен «Қазақстанның мүдделерін әлемдік деңгейде ілгерілету мақсатында волонтерлік ұйымдардың диалог алаңдарына қатысуы» жобасы аясында конкурс өткізді. 180 нен астам түскен өтініштердің арасынан ең мықты деген 15 өтініш таңдалынып конкурс жеңімпаздарына Азербайджанның Баку қаласында Еріктілер қозғалысының тәжірибе алмасу мақсатында өтетін Халықаралық жиынына жолдама берілді.

Соның бірі біздің академиямыздың Фармацевттік өндіріс технологиясы кафедрасының 4 курс студенті Шер Мухаммед Халида.

Республика бойынша Еріктілер арасынан ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан, ең мықтылар қатарынан табылған Шер Мұхаммед Халиданы шын жүректен құттықтаймыз.

22.11.2021, 19:21
479 қаралым