Біздің Халида «Еріктілер» көшбасшысы

Қазақстанның «Ұлттық Еріктілер желісінің» ұйымдастыруымен Еріктілер қозғалысының көшбасшылары үшін 2021 жылдың 6–9 қыркүйек күні 4 күндік жазғы демалыс мектебі өтті.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылып отырған Жазғы демалыс мектебіне біздің академияның Фармация факультетінің 4 курс студенті Шер Мұхаммед Халида үміткерлер арасынан іріктеуден өтіп шақырту алды.

Республика бойынша Еріктілер арасынан көзге түсіп Шымкент қаласы атынан жазғы демалыс мектебіне шақырту алған Шер Мұхаммед Халиданы шын жүректен құттықтаймыз.

14.09.2021, 19:15
473 қаралым