Біздің Тимур жылдың «Үздік дәрігері»!

1298 1

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен түрлі салада қызмет атқарып жүрген, жетістікке жеткен жастарды марапаттау мақсатында «Үздік жастар - 2018» премиясы өткізілді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша байқауға 14-29 жас аралығындағы 200-ден астам үміткер құжат тапсырып, түрлі номинациялар бойынша бақ сынасты. Әрине, мұндай жоғары деңгейдегі байқауларға қатысу үшін де жетістіктердің де жоғары болуы шарт. Сонша үміткердің ішінен алға шыққан жалпы медицина мамандығының студенті Аманбаев Тимур жылдың «Үздік дәрігері-2018» номинациясымен марапатталды. 

1298 2

Тимур оқуда озат, тәртібі жақсы, барлық қоғамдық шараларды ұйымдастырып жүретін студент. Республика көлемінде ғана емес, халықаралық дәрежедегі шараларға қатысып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүреді. Сонымен қатар, «Болашақ» академиялық жастар орталығына қарасты «КазМСА» ұйымының төрағасы. 

1298 3

Қашанда өз жұмысын адал атқаратын Тимурды жеңісімен құттықтап, болашақта өз ісінің маманы болатынына сеніміміз мол. 

1298 4

 

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы

03.01.2019, 07:29
220 қаралым