Бітірушілердің кәсіби құзыреттілігін өндірістік тәжірибеде қалыптастыру

Осындай атаумен Академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы гибридтік режимде «Фармация» БББ студенттерінің өндірістік тәжірибесінің (ӨТ) мақсаттары, міндеттері мен мәселелерін талқылауға арналған халықаралық әдістемелік конференциясын өткізді. Конференцияға өндірістік тәжірибе базаларының өкілдері: медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың, шетелдік серіктес-ЖОО басшылығы мен қызметкерлері, студент-тәжірибешілер мен Академияның оқытушылары қатысты.
Профессор С.К. Ордабаеваның баяндамасы 2022-2023 оқу жылындағы ӨТ нәтижелеріне арналды, онда ӨТ ұйымдастыру сұрақтары мен мәселелері айтылды. ӨТ аспектілерін талқылауға Сеченов университеті А.П.Нелюбин атындағы фармация Институты директоры, профессор Г.В. Раменская, ТашФармИ фармацевтикалық өндірісті ұйымдастыру және сапа менеджменті кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.А. Юнусходжаева, И.К.Ахунбаев атындағы ҚММА фармакогнозия және дәрілік заттар химиясы кафедрасының меңгерушісі асс. профессор А.Д. Мураталиева белсене атсалысты.

Кафедрада студенттер екі - «Токсикологиялық химия», сонымен «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» ӨТ өтеді. «Токсикологиялық химия» ӨТ химия-токсикологиялық сараптама және өткір уланулар диагностикасы сияқты бөлімдерден тұрады. Аталған ӨТ бакалавриаттың бітіруші курстары, сонымен қатар қысқартылған оқыту бойынша барлығы 88 студент өтті. ӨТ базалары:
1. ҚР ӘМ сот сараптама институты, Шымкент филиалы РМКҚ «Сот сараптама орталығы», химия-токсикологиялық бөлімшесі.
2. Т. Орынбаев атындағы облыстық гипербариялық оксигенация орталығы, токсикологиялық бөлімшесі, Шымкент.
3. Шымкент қаласы бойынша РМК «Психикалық денсаулық орталығы», клиника-токсикологиялық бөлімшесі.
Былтырғы оқу жылының бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне өтуіне байланысты «Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» ӨТ бітіруші курс студенттері мен қысқартылған форматтағы студенттерден 91 студент, сонымен қатар 4 курстан 67 студент өтті. ӨТ базалары:
1. Алматы, Тараз және Қарағанды қ. бойынша ДЗСҰО сынақ орталықтары.
2. «Химфарм» АҚ СББ және ҒЗО сынақ орталығы, СДЗППО және ПДЗО зертханалары, Шымкент.
3. ТОО «BioEticа» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент.
4. И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ, Мәскеу, РФ.
5. ТашФармИ, Ташкент, Рөз.
6. И.К. Ахунбаев атындағы ҚММА, Бішкек, ҚырР.

Келесі кезекте ӨТ өту нәтижелерімен практикант-студенттер бөлісті, олар қызықты баяндамалар, тартымды және түрлі-түсті презентациялар, бейне-трейлерлер мен баннерлер дайындады. 5 курс студенттері Өсер А. мен Кузнецова К. «Токсикологиялық химия» ӨТ өту кезінде өздерінің теориялық білімдері мен кәсіби дағдыларын тереңдетіп және толықтырғандары туралы айтып өтті. Өндірістік базалардағы химик-токсикологтардың жұмыс барысы студенттерді болашақ мамандығы ретінде қызықтырды.

Алматы қаласы бойынша Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптаудың ұлттық орталығы (ДЗжМБСҰО) базасындағы ӨТ ұйымдастырылуы мен өтуі барысын практиканттар Турекулов С. және Исабаева Д., ал Қарағанды қаласы бойынша - практиканттар Гасанова Л. мен Амангелді А., Тараз қаласы бойынша - Оңалбек С., Ануар А., Лес А. баяндады. Студенттер физика-химиялық әдістерді қолдана отырып, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарға фармакопеялық талдау жүргізді, сонымен қатар биологиялық және микробиологиялық талдау әдістерін пайдалана отырып, микробиологиялық тазалығын, пирогенділігін анықтау жүргізумен танысты.
Фармацевтикалық өнеркәсіптерде өткен ӨТ өту бағдарламасы ең қызықты болып саналды, онда студенттердің сәйкес бөлімшелерде күнделікті жұмыстарға қатысып отырғандығын студенттер Адильбекова А., Қуантай А. презентацияларында атап өтті. «Химфарм – Santo Member of Pholpharma Group» АҚ базасында студенттер сапаны бақылау бөлімінде, Ғылыми-зерттеу сынақ орталығында, сұйық және қатты дәрілік заттар өндірісінің № 1 және № 3 зертханаларында жұмыс жасады. «BioЕtica» ЖШС базасында студенттер аталған өнеркәсіпте өндірілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылау бойынша зертханаларда тәжірибеден өтті.

Шетелдік серіктес-ЖОО базаларында студенттер фармацевтика ғылымдары мен бизнесі саласындағы алдыңғы қатарлы ғалымдардың дәрістері мен мастер-кластарын тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, ЖОО келісімімен практиканттар мемлекеттік кәсіпорындардың сынақ зертханаларында жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Ян К., Маткәрім А. Ташкент фармацевтикалық институты және «DVSIM» дәрілік заттарды стандартизациялаудың Ғылыми орталығы базасында өткен ӨТ нәтижесі жайлы айтып өтті. И.К.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы және ҚырР ДСМ Орталық бақылау-аналитикалық зертханасы базасында ӨТ ұйымдастыру және өткізу туралы Кауканова А. және Абдраман А. айтып берді.
Практиканттар Рахманова Д. және Шалтаева Д. И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ базасында ӨТ өту нәтижесін баяндады. А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасынан басқа, студенттер Мәскеу қаласы Давыдовский атындағы денсаулық сақтау Департаментіне қарасты қалалық клиникалық ауруханасының персоналды медицина орталығының фармакокинетика зертханасы мен «Фармацевтикалық аналитика орталығы» ЖШС сынақ зертханасында жұмыс жасады.

ӨТ базалары жетекшілерінің атынан Тараз қаласындағы ДЗжМБСҰО аймақтық филиалының жетекшісі Даурбаева Х.А., Қарағанды қаласындағы ДЗжМБСҰО аймақтық филиалы Сынақ орталығының координаторы Архипова Н.Н., Фармацевтикалық аналитика орталығы Бас директоры Шохин И.Е., Сеченов университетінің профессоры Селиванова И.А., осы ЖОО доценттері Мельников Е.С., Фишер Е.Н., Мәскеу қаласы Давыдовский атындағы ДСД ҚКА фармакокинетика зертханасының ғылыми қызметкері Родина Т.А: және т.б. өз ойларын білдірді. База жетекшілері студенттердің теориялық дайындықтарының жақсы деңгейін, жоғары жауапкершілікті, тәртіпті және еңбекқорлығын, заманауи аналитикалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын, сондай-ақ команда да жұмыс істеудегі коммуникативті дағдыларын атап өтті.

Академияның стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, х.ғ.к. Ахметова А.А. және Қазақстан Республикасы журналистер Одағының мүшесі Шаймерденова Р.А. халықаралық әдістемелік конференцияның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жоғары баға берді. Қонақтар фармация саласы үшін білім беру үдерісінде құзыретті мамандарды даярлаудағы ӨТ рөлі мен орнын, студенттердің ең беделді отандық және шетелдік ӨТ базаларына бару мүмкіндігін атап өтті.

Қорыта айтқанда, практиканттар бағдарламаны толық орындап, ӨТ өз мақсатына жетті, химия-токсикологиялық сараптама саласында, сонымен қатар дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау бойынша да спектральды, оптикалық, электрохимиялық, хроматографиялық әдістерді қолданып, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс жасай отырып, теориялық білімдерін тереңдетіп, дағдыларын бекітті.

Осыған орай, студенттер мен фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұжымы барлық ӨТ базалары - медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың, шетелдік серіктес-ЖОО басшылығына жасаған жағдайлары үшін, сонымен қатар Академия басшылығына ӨТ алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік базаларда өтуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

05.10.2023, 15:25
402 қаралым