«Бітіруші түлек – 2022» тақырыбындағы жұмыспен қамту мамандарымен жиналыс

2022 жылғы 21 маусым күні АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында» дәстүрлі форматта, «Фармация» және «Фармация өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша бітіруші түлектермен жұмыспен қамту мәселелер бойынша жиналыс өткізілді.
Іс-шара мақсаты: Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Аталған іс-шараға «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының орынбасары Толыбаев Бекзат Рахманқұлұлы, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Дүйсенәлі Білімжан Нұралыұлы, Түркістан облысы «Даму» фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығының директоры Альжанова Хадиша Дербісқызы және жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер қатысты.
Іс-шараны интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканы, PhD доктор К.С. Кемельбеков жүргізді.

Жастарды бос жұмыс орнымен қамту бойынша барлық бағдарламалармен таныстырылды, түрлі сұрақтар бойынша кеңес беріп, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде мәліметтер берді.


Сонымен қатар, Түркістан облысы «Даму» фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығының директоры Альжанова Хадиша Дербісқызы алдағы уақытта бітіруші түлектердің ертерек жұмысқа орналасудың негізгі мәселелерін қозғады.
Жұмыс берушілер мен академияның бітіруші түлектерінің сұхбаттасуы барысында білімгерлердің түйіндемелері жұмыс берушілерге чат арқылы электронды нұсқасы мамандықтарға бөлініп жолданды. Жәрмеңке арқылы бітіруші түлектер жұмыс берушілермен сұхбаттасып, қызықтырған, мазалаған сұрақтарын қоюға, болашақ жұмыс орындарының талаптары туралы білуге мүмкіндік алды.

Осындай кездесулер жұмысқа орналасуда белсенді көмек көрсетуге және әрбір түлекке өз білімі мен дағдыларын іске асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.

24.06.2022, 19:20
608 қаралым