Бірлік күні!
2016 жылдың 29 сәуірінде шет тілдері кафедрасында академия және колледж студенттерінің қатысуымен «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз!» атты тақырыпта мерекелік іс-шара өткізілді. Іс- шара кафедра меңгерушісі А.С. Сайфутдинованың басқаруымен және тәрбие жұмысына жауапты аға тәлімгер А.Е. Сматованың ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік іс-шараны фармация факультетінің деканы Н. Ж. Жұмабаев ашты. Студенттер концертте Қазақстанның әр түрлі ұлттарымен достық қатынаста сүретін өмірінен қысқаша көрініс көпшілік назарына ұсынып, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсете білді. Мерекелік іс-шара ұлттық қазақша, испан, ұйғыр, үнді билерімен, отанымыз туралы «Welcome to Kazakhstan », кавказ әні «Арагвай », «Мерекем» атты әндер шырқалды. Концерттік бағдарламаны студенттер және оқытушылар тамашалады.