«Бірлігіміз жарасқан Қазақстан»

Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің тарихын білу – әрбір азаматтың міндеті. 25 қазан – Республика күніне орай 2022 жылдың 21 қазан күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің С-МІҚ-09-04-22 топ білім алушылары ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында «Шым қала» тарихи-мәдени кешеніне саяхат жасады. Сонымен қатар білім алушылар « 2200 жылдық тарихы бар Шым қала сыр шертеді» атты іс-шарасына көрермен ретінде тамашалап, «Жәдігерлер жерде қалмасын» жобасы аясында Музейге сый тарту акциясы, үздік қолөнер шеберлерінің көрмесінде тамашалады. Білім алушылар саяхат жасау барысында тарихи-мәдени кешенінің тарихын ашу негізінде тарихшы, археолог мамандармен арнайы кездесті.

22.10.2022, 12:50
443 қаралым