«Бірлесу» достық клубының ашылуы

821 1

2016 жылдың 20 қыркүйек күні академияның жаңа ғимаратының залында жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен, академияішілік түрлі этнос өкілдерінен құралған «Бірлесу» достық клубының ашылу рәсімі өтті.

821 2

Аталған рәсімде IQ, дебат, олимпиадалар мен ғылым салалары аясында ашық әңгіме жүргізіліп, әр салаға ниеттенушілер шақырылды. Әр бағыттың өкілі таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жасалды. Логикалық ойындар ойнатылып, дебаттан мастер-класс көрсетілді.

821 3

Астана қаласының «Номад» дебат клубының жетекшісі Инкар Айткужина арнайы «Бірлесу» достық клубына жаздырған бейнефильмі көрсетілді. Академия қызметкерлері достық клубына сәттілік тілеп, алдағы уақытта биіктен көрініп, академияның атағын биіктете берулеріне тілек білдірді. 

Жастар саясаты бөлімі

28.09.2016, 03:42
452 қаралым