Бір шаңырақ астында...

1 мамыр – Бірлік күні, Қазақстандағы барлық этностардың достығы мен келісім мерекесі, бұл Қазақстандық патриотизмнің, елімізге, халқымызға адалдықтың мерекесі. Қазақстанда 150-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Қазақстан халқын басқа халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстыру үшін мерекеге түрлі мәдени орталықтардың қатысуы өте маңызды. Көңілді билер, спорттық жарыстар – осының барлығы шараны қазақстандықтар үшін ең жарқын және сүйікті мерекелердің біріне айналдырды.
Бұл мереке Қазақстан халқын елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстырып қана қоймайды, ол ұлтты біртұтас тұтастыққа топтастыруды көздейді.
1 мамыр – халықтар достығы күніне орай, Педиатрия-2 кафедрасында, ЖМАА-09-20, ЖМША-09-20, ЖМША-13-20 топтары арасында, «Бір шаңырақ астында...» атты мерекелік іс-шара өтілді. Іс-шарада, қонаққа келген әр ұлт өкілдері құттықтау тілектерін айтып, өз өнерлері көрсетіп, ұлттық тағамдарын ұсынды. Жиын соңында белсенділік танытқан білім алушыларды, алғыс хатпен марапаттады.

02.05.2024, 11:41
215 қаралым