«BIOTRAVEL» апталығының жабылуы

26 сәуір күні «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасында биология пәнінен «BIOTRAVEL» апталығының жабылуы өткізілді. Заманауи білім беру мазмұнын, білім алушылардың танымдық, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізілген «BIOTRAVEL» тақырыбындағы апталық өз мәресіне жетті. Апталық барысында биология пәнінен «TIMES BIOLOGY MEANING» атты әлем жаңалықтарымен танысып, «Зиянды әдеттерге қарсы сот отырысы» көрінісін тамашалады. «Biology cup» cайысы өткізілді. «Yй жануарларының көрмесі» тірі табиғат бұрышы колледж дәлізінде ұйымдастырылды. Осы шараларға білім алушылар белсене қатысты, жеңімпаздар мен үздік деп танылғандарға сертификат пен алғыс хаттар, сыйлықтар табыс етілді.

26.04.2024, 17:20
105 қаралым