«BIOTRAVEL» АПТАЛЫҒЫ

2024 жылдың 22 сәуір күні «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінің «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасында биология пәнінен «BIOTRAVEL» апталығы басталды. Апталықтың мақсаты – білім алушылардың биология ғылымына деген қызығушылығын арттыру, білімдерін жинақтап, шапшаңдыққа баулу. Апталықтың ашылу салтанатында
«TIMES BIOLOGY MEANING» әлем жаңалықтарымен танысып, «Зиянды әдеттерге қарсы сот отырысы» көрінісін тамашалады. Апталықтың ашылуында СтДҚ-9.01.23 тобының білім алушысы Мадыбек Мады «Біз біргеміз» әнін орындады.

23.04.2024, 18:54
74 қаралым