Білім марафоны «INFECTION STAR»

2022 жылдың 22 қараша ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығы ағылшын топтардың арасында «INFECTION STAR» Білім марафоны өткізілді.
Білім марафонына қатысушылар: ЖМША-09-19, ЖМШБ-09-19 тобтар студенттері.
Марафон өткізудің мақсаты: «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша өткен тақырыптарды бекіту, студенттердің танымдық қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық белсенділік дәрежесін дамыту, дайындық деңгейін және студенттердің оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесін бағалау.
Білім марафоны кезінде командалар өз топ мүшелерін таныстырып, эмблемаларын қорғап, «Капитандар жарысы», «Биатлон», «Білім ағашы», «Шын сурет- шын науқас», «Обаға қарсы костюм» жарыстары өткізілді.
Білім марафонының нәтижесі бойынша топтарды марапаттау мен грамоталар табысталды: 1-орын «Xanax»: ЖМША-09-19 тобы, II-орын -«Painkillers»:- ЖМШБ-09-19 тобы. «Үздік эмблема» номинациясы бойынша: «Xanax» - ЖМША-09-19 тобы, «Ең белсеңді қатысушы» номинациясы бойынша: - «Xanax» - ЖМША-09-19 тобы; «Үздік капитан» номинациясы бойынша: - «Xanax»: - ЖМША-09-19 тобы. Бұл марафон жалпы медицина мамандықтарына сабақ өткізудің тиімді түрі болды

28.11.2022, 09:34
445 қаралым