Білім беру және тәжірибе

Ағымдағы жылдың 18-19 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен «Инсультологияның өзекті мәселелері, даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ОҚМА ректоры профессор М.Рысбеков Татарстан Республикасы Қазан қаласындағы қосымша кәсіптік білім беру курсының жетекшісі, «Орталық жүйке жүйесінің патологиясы бар науқастардағы оңалту кезеңдеріндегі физикалық және реабилитациялық этаптары» өңіраралық клиникалық диагностикалық орталығының жоғары дәрежелі неврологы, реабилитациялық және физикалық медицина маманы Идиль Табиевпен және Астана қаласындағы Инсульт мәселесі бойынша Республикалық координациялық орталығының директоры, м.ғ.к. Ержан Адильбековпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында академия мен Орталықтар арасында интерн-дәрігерлер мен резиденттердің тағылымдамадан өтуі мәселесі бойынша өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

Конференцияның ұйымдастырушылары: Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы (Астана қ.), Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы.

1336 1

19.03.2019, 22:29
326 қаралым